Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖАС ҚЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ

23.12.2020

    «ЖАС ҚЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ

 

       Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар!
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған онлайн конференциясын ашық деп жариялаймыз!(фон)

(Гимн,форма)
Жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар  ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отырсыздар.

Бүгінгі оқушыларды «Жас Ұлан» ұймына қабылдау үшін сөзді мектеп директоры Бирталаев Саян Кадырұлына береміз.(Директор сөз сөйлейді)

Жүргізуші:                                                                                                                              Біз сіздерді Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімінде қарсы алуға өте қуаныштымыз.(фон мақсаты)

Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар галстук тағуға дайындалыңыздар.
Жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде ата-анасы тағады 1 минут, гимн            «Жас Ұлан»)

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданушы 5 сынып оқушысы Құдайбергенов Арман береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді(5сынып), қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)


Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! 

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

«Жас Ұлан» қандай болу керек?

“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді ( Нұржан 5 А)

“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды(Айдана 5 А)

“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді(Гүлназ5 А)

“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады(Аияулым 5А)

“Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады(Жандос 5А)

“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”(Раушан 5А)

Ән 5Асынып оқушысы

 Жүргізуші:                                                                                                                                 Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

                                                                         Аға тәлімгер: Махмет Гания

 

              

 

 

                                   

 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст