2024-2025 оқу жылы бойынша мектеп ортасында
жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін
қалыптастыруға арналған бағдарлама
1. Жалпы Ережелер
1. Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) тәрбиенің Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп «Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектеп 5-11 сынып оқушылары үшін жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.
2. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
2. Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.
3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:
1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет институттарына сенімін арттыру;
3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын қалыптастыру.
4.Кешенді іс-шараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:
1) адамгершілік тәрбиесіморальдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне бағытталған;
3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.
3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5. Тәрбиелік жұмыстар Абай атындағы орта мектеп КММ ұйымдастырылады.
6.Тәрбие жұмысын басқару Ахметжанова З.Т, тәлімгер Махмет Гания жүктеледі.
7. Мектепте мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін, мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға деген ынтасын қалыптастыруға, білім мен мәдениет деңгейлерін арттыруға бағытталған шаралар кешені өткізіледі.
8. Мектепте құрылған ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысып қолдау жасайды.
9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:
1) 2024-2025 оқу жылына мектептің тәрбие жұмысының кешенді жоспары;
2) сыныптың тәрбие жұмыс жоспары;
3) Ерікті«Адал Ұрпақ»мектеп клубының жұмыс жоспары.
10. Осы бағдарламаның 9 тармағында қарастырылған жоспарлар мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысы модельдік жоспарға сәйкес қалыптастырылады (қоса беріледі).
11. Жоспарда тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық ұйымдармен, жемқорлықа қарсы әрекет жасауға өкілетті органдарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттерге бағытталғанкүнтізбелік іс шаралардың өткізілуі беріледі.
12. Тәрбие жұмысын жүргізуге азаматтар және қамқорлық кеңестері, ата-аналар комитеті, қоғамдық бірлестіктер, жемқорлыққа қарсы тұруға өкілетті және басқа мемлекеттік органдар қатыса алады.
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы
13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері болып мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайтуға ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шараларға қатысу.
14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипатты секциялардан тұрады: жемқорлыққа қарсы білімдер; Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық; жаппай мәдениеттік шаралар.
15. Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы лекциялар, «дөңгелек үстелдер және басқа ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады .
16. Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнеролиқтер,суреттер, шығармалар сайыстары мен шараларды ұйымдастыруға қатысады.
17. Жаппай мәдениеттік шараларсекциясы науқандар, флэш-мобтар, диалогтік алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдары,мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа әлеуметтік-мәнде шаралар ұйымдастыруға қатысады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы ереже
1. Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының Негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.
2. Ұжым: 1-11 сынып оқушылары.
3. Құрылымы
Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы келесі сипатты секциялардан құралған:
- Жемқорлыққа қарсы білімдер;
- жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық;
- жаппай- мәдени іс шаралар.
3.1 Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық шараларын ұйымдастыруға қатысады.
3.2 Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар шаралары мен сайыстарын ұйымдастыруға қатысады.
3.3 Жаппай - мәдени іс шаралар секциясы науқандар, флэш-мобтар, диалог алаңдарын, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарымен,мемлекеттік органдармен кездесулер және де басқа әлеуметтік-мәндішаралар ұйымдастыруға қатысады.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 секцияда жұмыс істейді.
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_____Сарин Ж.Т
«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
Оқушыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының 2024-2025оқу жылына арналған
іс –шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар мазмұны |
Мерзімі |
Қатысушылар |
Жауаптылар |
|
І бөлім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді ұйымдастыру |
|||||
1 |
«Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубы қызметін ұйымдастыру |
Қыркүйек |
7-11
|
ДТІЖО Ахметжанова З.Т Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
2 |
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту |
Қыркүйек |
1-11
|
ДТІЖО Ахметжанова З.Т Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
3 |
«Парасатты азамат» бұрышын құру |
Қыркүйек |
1-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
4 |
Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары |
Қазан |
1-11 |
ДТІЖО Ахметжанова З.Т Мектеп тәлімгері Махмет Гания Сынып жетекшілер |
|
5 |
Құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының ролі туралы сыныптың ата –аналар жиналысы |
Қазан |
1-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания Сынып жетекшілер |
|
ІІ бөлім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық жұмыстар |
|||||
6 |
«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы |
18-қараша |
9-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
7 |
«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» адалдық сағаты |
14-қараша |
5-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания Сынып жетекшілер |
|
8 |
«Адамдық -ардың ісі» адал сағаты |
27 Қараша |
1-4 |
Мектеп тәлімгері Махмет гания Сынып жетекшілер |
|
9 |
«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызмет ардагерлерімен, мемлекеттік қызметкерлермен кездесу |
15-желтоқсан |
5-8 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания Адал ұрпақ мүшелері |
|
10 |
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»адалдық сағаты |
18-Қаңтар |
7-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания Сынып жетекшілер |
|
11 |
«Бүгінгі күннің талабы» дөңгелек үстел |
18 ақпан |
7-11 |
Мектеп тәлімгері Адал ұрпақ мүшелері |
|
12 |
«Қазақстан құқықтық мемлекет» айлығы |
12 наурыз |
1-11 |
ДТІЖО Ахметжанова З.Т Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
13 |
«Біздің таңдауымыз құқықтық мемлекет»іскерлік ойын |
9-Сәуір |
7-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания |
|
|
ІІІ бөлім Мәдени – көпшілік іс шаралар |
||||
14 |
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы |
Қараша |
2-7 |
Мектеп тәлімгері Махмет гания |
|
15 |
«Мемлекеттік қызметті алу туралы» іскерлік ойын |
Желтоқсан |
5-8 |
Мектеп тәлімгері Махмет гания |
|
16 |
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер көрмесі |
Қаңтар |
5-6 |
Мектеп тәлімгері Махмет Г Көркем еңбек мұғалімі |
|
17 |
Сананы, намысын, адамгершілікті, жауапкершілікті және басқаныда насихаттауға бағытталған театрлық қойылым |
Ақпан |
7-11 |
Мектеп тәлімгері Махмет Г Адал ұрпақ мүшелері |
|
18 |
«Мемлекеттік қызмет –елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауы |
Наурыз |
5-8 |
Қазақ тілі бірлестік мүшелері |
|
19 |
«Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» дөңгелек үстел |
Наурыз |
8-9 |
Мектеп тәлімгері Махмет Гания ұрпақ мүшелері |
|
20 |
«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер |
Сәуір |
7-11 |
ДТІЖО Ахметжанова З.Т Мектеп тәлімгері Махмет Гания Адал ұрпақ мүшелері |
|
ДТІЖО: __________ Ахметжанова З.Т
Мектеп тәлімгері: __________ Махмет Гания