Мұғалімнің аты-жөні |
|||
11-сынып |
Биология |
||
Сабақтың тақырыбы |
Адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі,ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар. |
||
Жалпы мақсаты |
Оқушыларға ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын,өмір сүру мәдениетімен таныстыру. |
||
Күтілетін нәтиже |
Ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысы туралы түсінік алады, топтық жұмыста өзін көрсете біледі, жеке және жұппен жұмыс жасауға қалыптасады. |
||
Негізгі идеялар |
Адам эволюциясының кезеңдері:ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктері,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысы туралы биологиялық түсініктерін дамыту, білімді қабылдау, қабылдағанды түсіну, есте ұзақ сақтау, ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру, білім- білік дағдыларының жетілуіне, әлеуметтенуіне жағдай жасау. |
||
Тапсырмалар |
Постер қорғау, жұптық тапсырмалар |
||
Оқыту әдістері |
«Миға шабуыл», «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Конверт-сұрақ», «Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері |
||
Дерек көздері |
Адам эволюциясының сатылары сызбанұсқасы, адам эволюциясының кезеңдері тақырыбына берілген суреттер, презентация, оқушы анықтамалығы. |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
ФМотивациялық кезең |
І. Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
2 минут
|
«Миға шабуыл» Интербелсенді тақтадан адамның бас сүйегінің қаңқасын көрсету. Ендеше адам эволюциясының негізгі кезеңдерін басшылыққа ала отырып, оқушыларды топқа бөлу. 1-топ: Ежелгі адамдар 2-топ: Ертедегі адамдар 3-топ: Осы заманғы алғашқы адамдар.
|
Оқушылар топқа бөлініп, күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін жазады. |
Негізгі бөлім. Үй тапсырмасын тексеру |
3 минут |
1.Үйге жұмысын «Жадыға серуен» ойыны арқылы сұрау. 2.Әр топтан оқушы шығып,арнайы дайындалған тапсырманы таңдап алады.
|
Конверттегі тапсырманы ашып, орындау. |
|
Жаңа сабақты ашу |
8 минут |
Кубизм сұрақтары: 1.Адам эволюциясындағы биологиялық факторлар? 2.Қазіргі кезде қандай әлеуметтік фактор шешуші роль атқарады? 3. Адамның әлеуметтік эволюциясындағы үш кезеңді атаңыз?-деген сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Топтарға тапсырма: Кластер құру.
|
|
|
Операциялық кезең |
Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар |
10 минут |
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» Топтар өз арасында сайыс жүргізеді.Бір топ екінші топқа сұрақ қою тиіс, ал екінші топ сұраққа тиісті жауаптарын айту керек.
|
Постер қорғау. Кретерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.
|
|
|
|||
|
10 минут |
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Ғалымдар: Ч.Дарвин, Ф.Энгельс т.б. (Адамның бас қаңқасы) Өзіңді тексер. «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі. Тақтадан көрсетеділеді 1.Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. (шындық) 2.Биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады. (шындық) 3. Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. (жалған) 4. "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды Ч.Дарвин. (жалған) 5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. (шындық) 6. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. (шындық) |
Смайлик арқылы формативті бағалау.
Кретерий бойынша бағалау. |
|
Рефлексиялық кезең |
Бағалау. Критерий бойынша бағалау.
|
2 минут |
Оқушыларды критерийлер бойынша бағалау. |
|
Кері байланыс. |
2 минут |
Эссе жазу: «Болашақта адамның дамуы қалай жүреді» ББК-кестесін толтыру. |
Кері байланыс жасау. |
|
Үйге тапсырма |
1минут |
Өтілген тақырып бойынша тест құрастыру.Баяндама: «Антропогенездің қозғаушы факторлары» |
|