Өзен жалпы білім беретін орта мектептің
«Қамқоршылық кеңес» онлайн отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні: 24.08.2020 ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымдары, қамқоршылық кеңесінің құрамы
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Бектурганова Г.Б. сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Қамқоршылық кеңес төрағысы: Наймантаев Е.Е.
Хатшы: Тукеева Г.Ж.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
2020-2021 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы «Қол ұшын берейік» ұранымен өтті. Осы ауқымды іс- шараға Кусеп селолық округінің әкімі Бекбулатов Б.Н. және мектеп директоры Бектурганова Г.Б. демеушілік көрсетуге элеватор бастығы ТОО «ХПП Азат» шақырды. Горбунова Н.А. ханым қарсылық білдірмей, жылы ылтипатпен қарсы алып 110000 (жүз он мың тенге) тенге мектебіміздің оқушыларына көмек көрсетті. Ол ақшаға қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен 1 сынып оқушыларына (11 оқушы) мектеп жабдықтары (сумка, су ішетін ыдыс, папка, 50 дәптер, альбом, қарындаш, пластелин, қалам, контейнер) сыйлыққа тартылды.
3 мәселе бойынша Ақмола облысының санитарлық-эпидеомеологиялық талаптарына байланысты мектепте тамақтану кезеңі тоқтатылады.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңес төрағысы: Наймантаев Е.Е.
Хатшы: Тукеева Г.Ж.