Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Адал Ұрпақ» ұйымының қашықтықтан отырысы
Хаттама №1
Күні: 18.09.2020 ж
Сыныптар: 5-9
Қатысқаны: 42
Қатыспағаны: 0
Тақырыбы: «Адал ұрпақ» ұйымының жұмысы қашықтықтан қалай ұйымдастырылады?»
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
«Адал ұрпақ» ұйымының алғашқы отырысы қашықтықтан «ZOOM» платформасы арқылы өтті. Бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметжанова З.Т. «Адал ұрпақ» ұйымының жұмысы қашықтықтан қалай ұйымдастырылады?»
тақырыбында түсіндірме жасады. Баяндама барысында сынып жетекшілер мен оқушыларға мектебімізде карантинге байланысты ұйым жұмысы қалай жүргізілетіні туралы айтылып, ұйымның мақсаты мен міндеттері таныстырылып, жылдық жоспары ұсынылды.
Екінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі сөз алып, ұйым мүшелерін бекіту туралы айтты. Ұйым төрайымы- Қайролла Шолпан, мүшелері-5-9 сынып оқушыларын бекітуге ұсынылды. Осы оқушылар жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысына байланысты сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасауға ат салысады деп сөзін аяқтады.
Үшінші мәселе: «Парасатты Азамат» бұрышын ұйымдастыру бойынша ұйым жетекшісі аға тәлімгер Махмет Гания сөз алды. Бұрыштың басты мақсаты- азаматтық, патриоттық тәрбие беру, кез келген адамның құқығын, бостандығын және міндетін құрметтеу, адамгершілік қасиет пен этикалық ананы қалыптастыру, жемқорлықты қабылдамау, шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін өте маңызды. «Парасатты Азамат» бұрышы мектеп фойесінде ілулі тұр. Бұрышта «Адал Ұрпақ» ұйымының бұйрығы, жылдық жоспары, мақсаты мен міндеттері, ұраны ілінеді деп сөзін аяқтады
Қаулы қабылданды:
1. «Адал Ұрпақ» ұйымын қашықтықтан ұйымдастыру»
2. «Адал Ұрпақ» ұйымының ұйым басшысы мен мүшелерін бекіту
3. «Парасатты Азамат» бұрышын ұйымдастыру
Мектеп директоры: Бектурганова Г.Б.
Хатшы: Махмет Гания