Директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
Күнделікті
1.Мектептегі кезекшілікті және өзіне-өзі қызмет көрсетуін ұйымдастыру;
2.Сынып жетекшілерімен жұмыс ұйымдастыру,әдістемелік қөмек, кеңес,т.б;
3.Өз бетімен білім алу және әдістемелік материалдарды жинақтау;
Апта сайын
1.Әр дүйсенбіде оқушылар сап түзеуін (линейка) ұйымдастыру, қатысу;
2.Оқушылардың тазалық күнін өткізуін қадағалау;
3.Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараға қатысу;
4.Тәрбие мәселелері бойынша сынып жетекшілерімен кеңесу, әдістемелік көмек көрсету;
5. «Қиын» және қиыншылық туғызатын оқушылармен жұмыс жүргізу;
6. Әр сейсенбі, бейсенбі күндері кезекші мұғалімдердің 8.20 де мектеп бойынша физзарядка ұйымдастыруын қадағалау
Ай сайын
1.Өзін-өзі басқару ұйымының отырыстарына қатысу;
2.Ата-аналармен кездесу;
3.Танымдық жорықтар мен мәдени орталықтарға саяхат ұйымдастыру;
4.Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің отырысына қатысу;
5.Аудандық кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімімен байланыста болу;
6.Әкімшіліктің айлық жоспарды құру кеңесіне қатысу;
Жылына 2 рет
1.Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен байланыста болу (тамыз,қаңтар)
2.Демалыс (каникул)кезінде мәдени іс-шаралар ұйымдастыру;
3.Сынып жетекшілері семинарын өткізу;
4.Жалпы ата-аналар жиналысын өткізу;
5.Тәрбие жұмысына қорытынды сараптама жасау, есеп беру (желтоқсан,маусым);
6.Тәрбие жоспарына өзгерістер енгізу (қажет болса);
Жылына 1 рет
1.Тәрбие жұмысы жоспарын бекіту;
2. «Ең үздік сынып», «Ең таңдаулы сынып жетекшісі» байқауын өткізу;