АНЫҚТАМАСЫ
Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, домтапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.
Осы 5-6 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.
Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін, мектепке даярлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің даму барысын айқындау.
Осы мақсатқа жетуде алдымызға төмендегідей міндеттер жүктелді:
Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.
Атап айтқанда, 1а сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:
Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:
Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1а сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:
Сыныпта барлығы – 9 оқушы, оның қызы – 3, ұл –6. Сынып жетекшісі –Ж Беилхан. Сыныптағы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу барысында сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсы.
Керн-Йерасек тест жинағы 3 тапсырмадан тұрады.
№ |
Аты-жөні |
Қорытынды |
||||
№1 |
№2 |
№3 |
Жалпы ұпай |
Қорытынды |
||
1 |
5 |
3 |
3 |
12 |
Орташа |
|
2 |
1 |
3 |
4 |
8 |
Орташа |
|
3 |
3 |
1 |
3 |
7 |
Орташа |
|
4 |
2 |
3 |
3 |
8 |
Орташа |
|
5 |
4 |
4 |
4 |
12 |
Орташа |
|
6 |
1 |
2 |
1 |
4 |
Жоғары |
|
7 |
4 |
1 |
3 |
8 |
Орташа |
|
8 |
1 |
4 |
3 |
8 |
Орташа |
|
9 |
3 |
3 |
3 |
9 |
Орташа |
«Графикалық диктант» әдістемесінің нәтижесі (Д.Б.Эльконин).
Кеңістіктегі бағдарларды зерттеуге арналған. Оның көмегімен ересек адамның нұсқауларын мұқият және нақты орындау, берілген сызық бағытын дұрыс жаңғырту және ересек адамның бағыты бойынша өз бетінше әрекет ету қабілеті анықталды. Жалпы сынып оқушыларының кеңістікте бағдарлануы, мұғалімді мұқият, назар қойып тыңдауы, өз бетінше әрекет ете алу қабілеті қалыптасуы орташа деңгейде.
1 а сыныбы бойынша жоғары деңгейді - оқушы –2 оқушы , ортадан жоғары – 2 оқушы – , орташа –2 көрсетті, 3- төмен деңгейді көрсеткен жоқ.
Логикалық ойлау әдістемесі. «Не артық?»
« Не артық?» әдістемесі оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу мақсатында алынды, 1а сыныбы бойынша жоғары деңгейді – 7 оқушы - , орта деңгейді – 2 оқушы төмен деңгей көрсеткен оқушы анықталмады. Жалпы сыныптағы оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісінің деңгейі осы әдістеменің қорытындысына қарап орта деп айтса болады.
Қорытындылай келе, 1 сынып жетекшілері мен ата-аналар бірлесіп, төмен ұпай алған оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді күшейту қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыныс: