Пән: Өзін – өзі тану
Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқаларға жақсылықты жасау, кішіпейілдік.
Мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырамыз, денелеріңізді түзу ұстаймыз.
Аяқ - қолыңызды айқастырмаймыз, қолыңызды тізеге қоямыз.
Көздеріңіді жұмыңдар.
Елестетіп көреміз: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе
қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
тілек қалауыңызды шайып, жүректеріңнің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сендердің бойлрыңа ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Сіздің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарымызға тарады. Аяқтарымыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр аузымызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты жақсы сөздерді айтады. Нұрды құлақтарымызға бағыттамыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға нәрселерге қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, басымызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Ұйымдастыру кезеңі
«Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс».
С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген
- Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.
Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау.
Қиянат жасамау
Сүйіспеншілік
Ақиқат
« Ана махаббаты » аңыз әңгіме.