Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер Айтыс. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 11 қатысқаны: қатыспағаны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Экология: ядролық және мұнай өндірістері. |
Грамматикалық материал |
Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) |
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау |
Сабақ мақсаты |
Стиль мен жанрды тану, ерекшелігін салыстыра талдау. Көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Стиль мен жанрды ажыратады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: алқап, мұнайлы өлке, қазыналы мекен, бақ, қара алтын, береке, ырыс, кен орны, жер қойнауы. т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту |
Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «экология» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс |
География, экология, экономика |
Алдыңғы білім |
Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар.. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 0-3
4-6 |
Сәлемдесу,оқушылар арасында ынтымақтастық ахуал туғызу. Қызығушылықты ояту. Мұнай туралы 7 факт келтіріледі. Мұнай - көмірсутектер қоспасы; жанатын майлы сұйықтық; судан жеңіл; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады. |
МД слайд
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
7-14
15-25
26-28
29-37 |
3. Жаңа тақырыпты меңгерту. С. Оқылым алдындағы тапсырма Мұнайдың пайдасы мен зияны туралы ой қозғалады. Ж. Оқылым тапсырмасы «Экология: ядролық және мұнай өндірістері» тақырыбындағы мәтіндерді оқиды. Оқып отырғанда мен... - мәтін түрін анықтай аламын; - мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын; - мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория); - автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу); - жалқы есімдерге көңіл бөлемін; - мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын; - грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын. ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар екі мәтін үзіндісін салыстыра талдайды.
Қабілеті жоғары оқушылар тілдік құралдары арқылы оқылым мәтінін толық талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар оқылым стратегияларына сүйенеді. Мұғалім оқушыларға Гауһар Сейітжан «Қара алтыны халқымның ...» өлеңін оқып береді. Оқушылар өлеңді тыңдайды. Оқушылардан өздеріне қатты әсер еткен тұсын белгілеп, себебін түсіндіру сұралады. Шығарманың маған әсер еткен, ұнаған тұсы? Себебі?
Оқушылар «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Түсіндіру жұмыстары «Автор-оқырман» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар жеке отырып мақсатты ашатын сұрақтар құрастырады, ішкі және сыртқы шеңберде сұрақ-жауап жүргізеді. Үлгі: Автордың мұнайға деген көзқарасы қандай? Автор қандай мәселені көтереді? Оқырманға ықпалы қандай? 4. Дескриптор - мәтіндерді оқып, жанр мен стильді анықтайды; - екі мәтінді салыстыра талдайды; - нәтижені талдайды; -көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрағын құрастырады; -сыни тұрғыда бағалайды. 5.Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді. |
https://bilim-all.kz/article/9643-Birinshi-fontan Ғ.Мүсіреповтың «Бірінші фонтан» әңгімесінен үзінді Мұнайым бар – мұңым бар Мақаладан үзінді
https://id.bookmate.com/reader/Rn0GjOGx
Гауһар Сейітжан «Қара алтыны халқымның ...» өлеңі |
||||||||||||
Сабақтың аяғы 38-40
|
6. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады. Мен ... білдім; Мен үшін ... қызықты болды; Менің ... білгім келеді. |
стикерлер |