Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Раздольный жалпы
білім беретін орта мектеп» КММ
Педагогикалық отырыс №3
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Жаңартылған бағдарлама-білім сапасын арттыру кепілі»
Дайындаған
Бастауыш сынып мұғалімі
Онгарбай Жанерке
2018 жыл
Тақырыбы: «Жаңартылған бағдарлама-білім сапасын арттыру кепілі»
«Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат бір
мүдде, бір болашақ» атты жолдауында Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек демекші, жан
жақты, ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаға білім беру міндеті
тұр.
Қазақстанда орта
білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен
мазмұнына елеулі өзгерістер еңгізілуде. Жаңару заманында жас ұрпақтың жаңаша
ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту өмірде
оны қолдана білуге бағыттау ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға
жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені сапалы білім беру мен кәсіби
білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Қазіргі таңда
дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда, себебі қазіргі
заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен
анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық
әдіс тәсілдермен оқытып, ой өрісі кең саналы еркін азамат етіп тәрбиелеу
қажеттілгі де осы себептен туындап отыр. Білім беру жүйесінін қарқынды дамытқан
бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерде белсенді түрде енгізіле басталуы
көңілді қуантады. Жаңартылған білім берудің маңызы оқушы тұлғасының үйлесімді
қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,
жеке, жұппен, топтап жұмыс жасай білу. Бағдарламаның ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап критериалдық
бағалау жүйесіне өтеді. «Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп» деп үнді
тұлғасы айтқандай, егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті
уақытында жаса деген ілімін негізге ала отырып оқушы бойындағы қабілетті
жетілдеріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары
технологиялардың, ғылым мен білімнің заманы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «
ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, тығырыққа тірелері анық»
деген.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс -
тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің
жан-жақтылығы, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Жаңаша педагогикалық технологияның ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан
– жақты дамыту, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу.
Бұрынғы оқушы:
Тыңдаушы
Орындаушы
Қазіргі оқушы:
өздігінен білім іздейтін,
жеке тұлға
өнертапқыш
дүниетанымы, қабілеті жоғары
талапты, ізденімпаз, өз алдына мақсат қоя біледі.
Оқушы өз процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына,
оның ойлау қабілетіне аударылады. Мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай,
оқушыны ізденіске сыни ойлауға, зерттеуге, өз бетінше білім алуға тартып, тұлға
тәрбиелеу керек.
«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік
емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов.
. Жаңартылған білім беру бағдарламасы сыни
тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы
дамытудың стратегиялары жобалау әдісі өз пікірін жазбаша рәсімдеу мақала, эссе,
коментарий
. Өз сабақтарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:
• Тақырып бойынша өз пікірін білдіру
• Диалог құру
• Белсенді топтық қатынас құру
• Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра білу беру және т.б әдіс
Өз сабағымда жиі қолданатын әдіс - тәсілдерден тәсілдер мыналар:
«Топтастыру», «Ойлан жұптас», «Бөліс»,
«Атаулар көмегімен болжау», «Елеспен жетелеу», стратегиялары студенттердің шығармашылық
қабілетін ұштауға өте тиімді. «Ой қозғау», «Болжау», «Топтау», «Тізбек жасау
«Миға шабуыл», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ жауап», «Стоп сұрақ», «Ыстық орындық» «Музыкалық қобдиша», «»стратегияларын қолданамын.
Ақпараттық
құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны
жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан
- жақты қолдану қабілеті.
Сабақта оқушыларға тәжірибе жасату, экскурцияға шығу,ребус,жұмбақтар,шешкізу ұдайы қолдану олардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық.
Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби
құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын
өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту
тәсілдерін қолданудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызы зор. Болашақта
жаңа заман талабына сай білімді, жан - жақты, коммуникабельді, мәдениетті,
өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында құзыреттілікті дамыту ұстаздың
қолында.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Құдайбергенова К. С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007
2. Қазбекова Н. Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың
элементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1
3. Тұрғынбаева Б. А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007
4. Журнал «Қазақстан мектебі», №12, 2010
5. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007
6. Барсай Б.
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы. Бастауыш мектеп, №1, 1998
7. Айдосова З. «Дамыта оқыту технологиясының мәселелері» 2004