Салтанатты сап түзеу.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»
Өткізген: бастауыш
сынып жетекшісі Бейлхан Лена
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Мақсаты: -Оқушылардың
өз Отаны Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихында болып жатқан маңызды
оқиғаларға тоқталу. 24жыл ішіндегі жеткен табыстарымен таныстыру.
-Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке
тәрбиелеу, ұлттық мінез ұлттық намыс қалыптастыру.
-Оқушылардың елге, жерге деген деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілік: Ұлағатты сөздер,
суреттер, еліміздің рәміздері, слайдтар.
Барысы:
1- жүргізуші:
Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
2 – жүргізуші: Под щедрым солнцем золотым,
Под ясным небом голубым
Мой герб и флаг в себя вобрали
Весь мир степной, родные дали,
Свободы дух и взор прямой.
1- жүргізуші: Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің
тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға
жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты салтанатты
жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2 – жүргізуші : Добрый день
дорогие учителя, учащиеся и наши гости ! Мы находимся в предверии радостного
события, праздника объединяющего всех граждан нашего много национального
государства.Торжественный праздник, посвиященный Дню независимости РК
объявляется открытым.
Әнұран орындалады.
3 сынып оқушыларына сөз беріледі.
Шолпан:
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Ика:
Свободен, величав и первоздан
Звезде подобный средь земель и стран
Кюй счастья ты наигрываешь звонко
Родной мой лучезарный Казахстан!
Жүргізуші: Бабалардың арманы, аналардың
тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты
құндылығымыз.Бұл күнге қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді
әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 24 жыл ішінде тәуелсіз қазақ
елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
Жаннұр:
16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп
елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі
жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
24 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!
Бишілер тобы: «Қазақ биі» .
Жүргізуші : 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ
тілі мемлекеттік мәртебесін алды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды.
Шадияр:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр
адамда өз анасынан басқа да,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт АНА.
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі- сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Баршагүл:
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төртАНА – тағдырыңның
тынысы, ұлысы!
Төрт АНА үшін болған күрес-
күрестердің
Ән : «Туған жер»./қыздар/
Асыл:
1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
1-
жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар
және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры,
тарихы, қасиеті бар.
Сания:Алматы-
Тәуелсіздіктің бастауы. 1986 жыл.
Жаннұр:
Желтоқсаннан
бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Сания:
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
1991 жылы 16 желтоқсан - Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған күн.
Ән «Жаса қазақстан»
Шолпан: 1995 жылы 30 тамызда – Қазақстан
Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды.
Ата Заңға, қарағым,
Шексіз болсын құрметің
Туған елдің талабын,
Заңды орындау- міндетің
Бақытты өмір сүргенің
Бақ-дәулеттің баршасы,
Күліп-ойнап жүргенің-
Ата Заңның арқасы!
Песня
«Родина моя» 4 «Б» сынып.
Ән: «Қазақстан бақыты» 4
«А» сынып оқушылары.
1 – жүргізуші : - «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер
орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.
120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір
адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті,
дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету –
бүгінгі ұрпақтың қолында.
Жаннұр:
Тарихы
бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан - алтын бесік Отаным,
Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.
Сания:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге самғады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Шадияр:
Тәуелсіздік - рухы
күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!
Шолпан :
Енді міне қазағымның таңы атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Мұғалім: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Ән: «Егемен Қазақстан» - 3 сынып
оқушылары.
Мұғалім: Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі
жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау
саламатта болыңыздар!