Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Раздольный орта
мектебі
Мастер класс
Тақырыбы: «Жануарлардың алуан түрлілігі»
(дүниетану)
3 сынып
Өткізген: Бейлхан Лена
бастауыш сынып
мұғалімі
2016 жыл
Дүниетану пәнінен
мастер класс 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың
алуан түрлілігі
Оқытудың негізгі мақсаттары:
Оқушыларды жануарлардың қандай топтарға бөлінетіндігімен және олардың топтық
белгілерімен таныстыру; оқушылардың есте сақтауын дамыту; сыни тұрғыдан ойлауға
баулып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу.
Белсенді оқытуда қолданылатын
әдіс- тәсілдер: Ыстық орындық , постер құру, кестені толтыру, АКТ,
смайликтер .
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың жануар және олардың топтары, өмір
сүру ерекшелігі туралы түсінігі қалыптасады; сыни тұрғыдан ойлауы дамиды;
ұжымдық іс-әректке үйреніп, өзіндік пікір қалыптасады. Бағалауды
үйренеді.
Ұйымдастыру: Балалар бәріміз шаттық
шеңберіне шығайық . Енді балалар топқа бөлінеміз.
Біз – талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан,
Табиғатты қолдаймыз,
Жәндіктерін қорғаймыз.
Оқушылар сандарды таңдау арқылы 3 топқа
бөлінеді. отырады. І топ: «Сүліктер», ІІ
топ: «Ұлулар», ІІІ топ: «Өрмекшілер»
Білу :
- Жануар дегеніміз не? Постер
құру .
Жануарлар
Түсіну : Оқулықпен
жұмыс. мәтінді тақырыпшалар бойынша бөліп оқиды.
Бейнебаян: «Жәндіктер».
Көргендерінен
қорытынды жасату.
Сергіту сәті: Бейнеқимыл. Оқушылар интербелсенді тақтадағы әрекетті қайталайды.
Қолдану : Кестені толтыр .
Балалар әр топқа кесте беріледі сендер
соны толтырасыңдар. Оқушылар қолдарына
берілген кестені толтырады.
Жануарлар тобы Түрлері Белгілері
Құрттардың 12500-дей түрі бар. Оларды 5 класқа бөледі. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге жетеді. Мысалы,
жауынқұрты, сүлік, әртүрлі паразит – құрттар. Олар пішіні, түсі, және түрі
жағынан әртүрлі болады.
Былқылдақденелілер – денесі жұмсақ, былқылдақ болады.
Мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Қазақстанда 300-ге
жуық түрі кездеседі. Олар ұлу, шырышты
ұлу, кальмар, сегізаяқ.
Бауырымен жорғалаушылар 6000-ға жуық түрі бар Терісі безсіз, мүйіз қабыршақпен не қылқандармен жабылған .
Өрмекшітәрізділіердің 70 000 түрі бар. Денелерi – баскөкірек және құрсақтан тұрады. 6 жұп аяқтары бар. Табиғаттағы маңызы-шыбын,маса т.б. жәндіктердің санын азайтады, жыртқыштар. Негізгі
ерекшеліктері: шөл және шөлейт аймақтың өзен аңғарлары мен сайларында, кейде
орманда тіршілік ететін жәндік. Дене тұрқы 4 см. Оларға саршаян, өрмекші, кене, қарақұрт жатады. Ең басты қаруы – у. Бүйілер улы, бірақ олардың уы жәндіктерді өлтіре алғанымен, адамдарға көбінесе әсер етпейді.
Проблемалық
сұрақ: - Әлемдегі жәндіктерді жойып
жіберсек не болады?
Талдау: «Ыстық орындық».
Әр топ оқушылары
екі сұрақтан жауап береді.
І топ:
1.
Арада неше көз
бар ?
2. Сүліктің қандай
пайдасы бар?
ІІ топ:
ІІІ топ:
Жинақтау оқулықтағы ақпаратты оқып түсіндіреді.
Рефлекция
: смайликтер арқылы оқушылар өз
көңіл күйлерін білдіреді.
Бағалау: Топтарды және
жеке оқушыларды әр топтың өздерін бағалауын негізге ала отырып бағалаймын.
Бағалау критерилеріне сүйеніп бағалау парақшасына бағалайды.
Үйге тапсырма: паразит- құрттар туралы біліп келу.