Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ару қыз, асыл ана» сайысы

11.03.2024

Тақырыбы: «Ару қыз, асыл ана»
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

ПРОЛОГ: Хор. «Ана туралы жыр»
 
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді асыл аналарымыз, ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыз, асыл ана» байқауына қош келдіңіздер!.

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
 
  1. Айнаш ханым, қызы Әсем
  2. Фатима ханым,қызы Зарема
  3. Зарина ханым,қызы Айсана
  4. Арина ханым,қызы Жанель
  5. Дарина ханым,қызы Наргиз
  6. Айса ханым, сіңілі Жамиля
  7. Айнұр ханым,қызы Айдана
  8. Маржан ханым,қызы Айдана
  9. Алия ханым,қызы Ақнұр

Жеребе таңдау арқылы, кім қандай ретпен шығатынын анықтайтын боламыз

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымыздың өту кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру
(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Өнерлі өрге жүзер»

(Ән айту, би билеу, күй тарту)
3. Үй тапсырмасы

(Әр қатысушылар өзінің қолынан келетін бір өнерін көрсетеді)
4. «Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап»
(Берілген сұрақтарға жауап береді)
 
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Ахметжанова З.Т.

2.Айткожина А.Д.

3.Бектурганова Г.Б.

4. Ата-аналар комитетінің мүшесі Тастемирова А.Б.

5. Ата-аналар комитетінің мүшесі Кельдибеков А.

Жүргізуші:

(Байқаудың І кезеңі «Таныстыру».)

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару,асыл ана көрсін өзін таныстырып.

 Жеребе бойынша әр жұп кезегімен шығады.

Ортада «Гульжас» би тобы, қарсы алыңыздар!

Байқаудың ІІ кезеңі . «Өнерлі өрге жүзер»

Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі – өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

Ортада «Гульжас» би тобы қарсы алыңыздар!

(Байқаудың ІІІ кезеңі Үй тапсырма, яғни қолөнерін көрсетеді.)
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді

 Салт — дәстүр, әдет — ғұрып, жөн — жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала…..
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..

Осымен біздің сайысымыз аяғына жетті,келесі кезекті әділ-өазылар алқасына береміз.Әділқазы өзінің шешемін айтқанша, бір ойын ойнап жіберейік. Ортаға 9 ата-ана шақырылады.

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» – дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға,асыл аналаырмызға көп рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Просмотров: 999

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст