Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды есебі

31.10.2023

«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» ұлттық мәдени-ағартушылық

жобасының  қорытынды есебі

Мақсаты: Айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу,баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт –дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу,д арынды шығармашыл  жастарды анықтау

Мектебімізде 11 қыркүетен 25 қазан арасында «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ»ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы іс-шаралары жоспарланды.  Төрт тоқсан төрт өнер ұлттық мәдени ағартушылық тұжырымдама негізінде «Ақындар айтысы» поэтикалық сайыс жобасына арналған саптүзеу өтіп онда айтыс туралы,оның түрлері айтылып айтыс өнерінің ерекшелігін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хабал А. оқушыларға мәліметтер берді. «Айтыс ұлттық өнер» бұрыш жасалып оқушылар айтыстың өткені мен бүгінінен мәліметтер алды.

Айтыс  туралы  танымдық сабақ

 

(Айтыстың шығу тарихы, Айтыстың ерекшелігі, Айтыстың түрлері) 7 сынып оқушыларымен 12 қыркүйек күні өткізілді.

Домбыра тартып үйренеміз

 

(Отбасымен домбыра тартып үйрену) іс-шарасына 11 сынып оқушысы Жумабекова Д. 7 сынып оқушысы Бекнур А. 6 сынып оқушысы Ахметжанов М. 8 сынып оқушысы Сұлтан Жандос отбасымен қатысты.

«Домбырам асыл мұрам» тақырыбында кітапханашы  танымдық көрме ұйымдастырып оқушыларға көрсетті.

Мектепшілік «Қара жорға» биін билеу аға тәлімгердің жетекшілігімен 1-11 сынып арасында өткізілді. 10 сынып оқушылары «Қара жорға»биін буын буындарын ойната отырым биледі,

«Нағыз қазақ –домбыра» аспап жайлы деректерді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хабал А. 9- 11 сынып  оқушыларына бейнебаян көрсете отырып дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Домбыра – қазақтың асыл қазынасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі айткожина А.Д. 8-9 сынып арасында эссе жаздырды.

«Айтыс –ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық» музыка пәні мұғалімі Жагслаг Гулмайра 5-6 сыныптар арасында реферат жаздырды.

«Көк тудың желбірегені» тақырыбында

 

5-6 сынып айтыс сынып оқушылары арасына музыка мұғалім айтыс өткізді. Оқушылар домбыра тарта алмаса да талпынып рхтанып бір-біріне жауап қайтарып айтыстың негігі шарттарын орындауға талпынды. Бұл оқушыларды рухтандырды. Олар айтыс аяталса да басқаша айтсам болар еді деген ойларын жасырмады.

 

«Туған жерім – мақтанышым»

тақырыбында  9 сынып оқушылары жыраулық поэзияны оқығандақтан сол кездегі саясаттан бастап қазіргі күнге дейін қазақ даласының құндылықтарын ортаға салды.Туған жердің құндылығын өз сөз саптауларына қосты. Домбыраны тартып отырып айтыс айту қиындық тудырғанымен оқушыларға қызықты болды.

«Тілім – тұмарым» тақырыбында 10 сынып  оқушылары арасында қыз бен жігіт  айтысы өткізілді. Бүгінгі күнгі қазақ тілінің мәртебесін оқушылар көтерді.

 

 «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында  айтыс өткізіліп оқушылар өздерінің өресі жеткенше бүгінгі күннің тақырыбымен проблемаларын айтуға тырысты.Белгі тақырыпта айту оқушыларға қиындық туғызды. Алайда еліміздің болашағынан үлкен үміттері бар екендігін көтере «Тәуелсіздігім – тұғырым» тақырыбында 11 сынып оқушылары Жұмабекова Д мен Өмірбек Нурболат айтысып  тауелсіздіктің құндылығын тілге тиек етті.

«Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен ертеңі» тақырыбында 5-11 сынып арасында дөңгелек үстел өткізілді. Айтыстан үзінділер тыңдатылды. Айтыскерлердің сөз саптауларын оқушылар қызыға тыңдады. Ұмтыла бастаған ұлттық тағамдар, қазақтың ұлттық киім шебері сыныптан тс жұмыстар өткізілді.Дәстүрлі халық әндері кеші өткізіліп Берикбол Айдана «Дедімай-ау»әнін шырқады.

Республика күніне  арналған  «АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» өткізіліп оқушылар арасында Жуманбекова Дамелі  бас жүлдені иеленді.

Бүл іс-шара айтыс өнерінің құндылығы мен қазақтың сөз өнеріне деген зор құмет болды. Оқушылар өздерін нағыз қазақ деп сезініп ұлттық құндылықтарын бойына сіңіруге үлес қосы.

Просмотров: 1121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст