«Раздольный ЖББОМ» КММ
2016-2017 оқу
жылындағы «Жас Ұлан» балалар ұйымының
жылдық есебі
Тәрбие
мақсаты:
Мектепте жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат,
әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Негізгі мақсаты: «Жан – жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру »
Балалар ұйымының мақсаты: Отанды сүйетін, өзге ұлтты силай білетін , адамгершілігі жоғары, білімді, рухани бай еңбек сүйгіш Қазақстан
Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Оқушылардың
өзін-өзі басқару жұмыстары Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы - бұл мемлекет басқару жүйесі негізінде сондай-ақ мектепте сол билік жүйесіндегі ішкі заңдылықтары мен ережелерін қатаң түрде ұстанып, мектептің бүкіл жағдайын негізге ала отырып жақсы қырынан көрсету.
Мақсаты: мектеп проблемасын басшылыққа ала отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау, мектеп өміріндегі іс-шараларға белсене араласу, қазіргі заманға сай жеке тұлғаны тәрбиелеуге көмектесу. Оқушы өмірін жариялылыққа,
еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау.
Міндеттері:
-Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бүкіл білім алушылардың араласуына ықпал етеді.
- Мектептегі оқушылардың демократиялық принципін сақтап, қалыптастырады.