2017-2018
оқу жылының қыркүйек айында 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау
үшін
Керн-Ийрасик тесті
Ақыл – ой деңгеі
Төртінші артықты
ата әдістемесі
Отбасы суреті
Лусканов әдістемесі
жүргізілді.
«Менің отбасым»
суретті тестінің қорытындысы бойынша бірінші сынып оқушыларының отбасындағы
жағдайлары жақсы, эгоцентризмі және
мазасыздану деңгейі орташа екендігін анықталды. Балалардың осы
проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингін өткізу қажет екені
байқалады.
«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасының нәтижесі
бойынша балалардың оқу мотивациясы екі деңгейде де көрініс бергенін анықтады.
Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 1, орта деңгейде – 5 оқушының
көрсеткіштері сай болды
«Төртінші артықты ата» әдістемесінің нәтижесі барлық
оқушылардың көрнекі-бейнелеп ойлау қабілеттері жоғары деңгейде.
Мектепті жетілгендік деңгейін анықтау бойынша 1 сынып оқушылары «орташа жетілгендер».
1 сынып оқушыларының ата-аналарынан бала мен
қарым-қатынасы, баласының сабағына көңіл бөлуі туралы сауалнама жүргізілді.
Нәтижесі: баламен қарым-қатынасы жақсы-100%, сабағына көңіл бөлуі: жоғары -
80%, орташа 20%.
2017-2018 оқу жылында қыркүйек айында 1 сынып
оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету үшін
танымдық процстерді дамыту, балаларға бір-бірлерімен және ересектермен
қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында бірінші
сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған тренинг
өткізілді.