Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Секциялар кестесі

05.02.2018

            Бекітемін:

Мектеп директоры:                 Бектурганова Г.Б.

                   

                         «Раздольный жалпы

білім беретін» КММ

                                        

2017-2018 оқу жылы

                                         

Секциялар кестесі

    Секция түрі

 

  Өту күні

Өту уақыты

Сыныптар

1

Баскетбол 

(қыздар)

Дүйсенбі

16.00 – 17.00

5-6 сыныптар

2

Баскетбол  (ұлдар)

Дүйсенбі

17.00 – 19.00

7-11 сыныптар

3

Волейбол 

(қыздар)

Бейсенбі

16.00 – 17.00

5-6 сыныптар

4

Волейбол  (ұлдар)

Бейсенбі

17.00  - 19.00

7 -11 сыныптар

 

                                                    

Тәрбие ісінің меңгерушісі:   

Мустафина К.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рухани –

адамгершілік  тәрбие

Отбасы  тәрбиесі

Тәрбие  жұмысының  

бағыттары

ҚР  Мемлекеттік 

Рәміздері

Дене шынықтыру,

салауатты  өмір  салты тәрбиесі

ҚР  Президенттің 

Жолдауы  туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтама

                 «Раздольный жалпы білім беретін мектеп»КММ

                                    2017 -2018

оқу жылы

«Қарттарым -асыл

қазынам» атты мерекелік концерт

Осыдан  22 жыл 

бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында  Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар

күні» деп жариялаған болатын.  Бұл мереке

ХХ ғасырда пайда болды. Басында  Қарттар

күні  Еуропада, кейін 

Америкада  тойланған,  ал 80 жылдардың  аяғынан 

бері бүкіл  әлемде  атап 

өтіліп  келеді.

Біздің

Раздольный ауылындада  06.10.2017 жылы

«Қарттарым- асыл қазынам» атты іс- шара өткізілді.  Негізгі 

мақсат  қазіргі  кездегі 

қарттарға  деген сыйластық

сезімдерін, оларға деген жастардың көз қарастарын өзгерту. Қарттарды

қадірлей,сыйлай  білуге үйрету. 

   Бұл мерекелік  күнге Кусеп 

ауылдық  округі, ТОО «Грин

Азия»  және ауылдың кәсіпкері  Касымбаев Б.Т.  өздерінің 

үлестерін  қосты. Сондай – ақ

мектеп оқушылары да ата – әжелерге арнап ән , би билеп, өлеңдерін жатқа айтып

көңілдерін марқайтты. 

Мерекенің соңғы кезегінде 

қадірменді  қариялар да  ерекше 

ықылас  танытқан  ұйымшыл ұжымға  шексіз 

алғыстарын  жеткізіп, еселі  еңбектеріне толағай  табыс тіледі.

 

 

 

 

Сабақтың

тақырыбы: «Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл идеясы» 

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын

түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің

мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. 

Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін

қосуға баулу.

Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап,

талдау, түсіндіру.

Тәрбие

сағатының барысы:

Әнұран

орындалады.Оқушыларды сапқа тұрғызып, бәріміз бірге әнұран орындаймыз.

Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа

ынтасын аудару.

Психологиялық тренинг. «Шаттық шеңберін» жасау.

Шаттамын мен де!

Шаттанасын де!

Шаттанамыз бәріміз!

Арайлап атқан күнге!

Бәрімізге сәттілік серік болсын!

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар,

ұстаздар! Бүгінгі жаңа оқу жылы құтты болсын!Деніміз сау болып, жаңа белестерге

жете берейік! Бүгінгі «Мәңгілік ел -біздің ұлы және лайықты Қазақстан!» атты

тәрбие сағатымызды ашық жариялаймын! Оқушылар

мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге

тырысайық.

4.«Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен

Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек

Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

7. Қазақстан қандай табысты елдермен

ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

8. 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені

жолдады?

-Иә, балалар, елбасы жыл сайынғы дәстүрлі

Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. «Жолдау» атты сөзжұмбаққа зер салайық.

5. Сөзжұмбақ шешу. Қызығушылықтарын ояту.

1.Әлемдік сөзінің синонимі қалай аталады?

2. Туған ел, туған жер сөздерін тағы да

басқалай қалай айтамыз?

3. “ Кім- бауыр етің?” (мақал.)

4. “Бірінші байлық- не?” (мақал.)

5.Қазақстанның астанасы?

6. “Не –инемен құдық қазғандай?” (мақал)

6. Жолдау туралы айту.

-Тәрбие

сағатымыз Елбасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда

Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстан -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ!» жолдауына арналады.

-2014 жылы 17 қаңтарда ҚР-сының Президенті

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Бір жыл бұрын елбасы 2050

жылға дейінгі дамудың жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат –

Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік

Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

Осымен екінші рет Жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде өтті. Бұл жолы

Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Елбасы халыққа кезекті жолдауын алдағы 35

жылда елдің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп, Үкіметтің атқаруы тиіс істерін

нақтылап берді. Сонымен қатар елімізде жалақы, шәкіртақы өсіп, атом электр

станциясы мен жаңадан мұнай өндіру зауыты ашылмақ. 

-Бұл -2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың

әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа

бөлеміз.

Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір

сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы,

медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды

отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр. 

-2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақысы

көбейтілсін. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 28 , білім беру 29, әлеуметтік

қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1

қаңтарынан бастап стипендия 25 пайызға өсірілсін. 

Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. «Қара

алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде

тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған

мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен

берді. 

- Болашақ атом электр станциясында,тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды

жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс

аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен

Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар

берді. 

-Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған.

10 стратегиялық бағыт белгіленген. 

1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады.

Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық

инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады. 

2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын

жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген

сұранысы арта береді. 

3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады. 

4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары,

робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу

сынды жаңа салалар пайда болады. 

5. Тиімді жер нарығы жасалады. Ауыл шаруашылық жерлерін тек инвестиция тартудың

және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланудың негізінде жалға беру

Қазақстан ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті етеді. 

6. Табиғи азық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған

дәнді-дақылдарды жасақтау басталады. 

7. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылады. 

8. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады.

Жұмыскердің денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзі бірдей

жауапкершілікте болады және ол медициналық қызмет жүйесінің ең басты талабы

ретінде бекітіледі. 

9. Елде қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат -

«Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады. 

10. Қазақстанда мәдениетті саясаттың тұжырымдамасы жасақталады. 

-Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір

мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды

межелерді анықтап берді.

Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды

дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да

сөйлеген сөздерінде айтып жүр. «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін

мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.

Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту

нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау

машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін

болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея

бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті.

Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық

идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап

берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет

болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет

ету. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге

арналады.Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық

Идеясы –Мәңгілік Ел!

Нұрсұлтан Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы

бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара

алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға

жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол

сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін

өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз

да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз

керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың

негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы

мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел»

идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін

тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін

беретіні сөзсіз.

7.Сабақты қорытындылау:

-Балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі

өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек?

Өз ойларымызды ортаға саламыз!Өз білетін,дайындап

келген өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.

Бекзат: «Елім, менің!»әнін орындайды.

Бибарыс: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Мадина: Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады - ау кісілік!

Аягөз:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Аятбек:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!

Бибарыс: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.

Алишер: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей

өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Аягөз: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Мадина: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Аятбек: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат

қылдық.

-Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры»

боларына сенемін.

-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген

елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11сынып

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел

–идеясы» 

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын

түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің

мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. 

Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін

қосуға баулу.

Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: ашық сынып сағаты

Сабақ әдісі: пікірталас 

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі

суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә

Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.

Сабақ барысы: 

Кіріспе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған

дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт

болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс

- тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың

халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы

- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.


Мәңгілік ел – 

Ø Мәңгілік ел

ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ø Ол арман – әлем

елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын

тәуелсіз мемлекет атану еді. 

Ø Ол арман – тұрмысы

байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу

еді. 

Ø Біз армандарды ақиқатқа

айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 

Ø Біз үшін болашағымызға

бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 

Ø Ол – Мәңгілік ел

идеясы. 

Ø Тәуелсіздікпен бірге

халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 

Ø Біз еліміздің жүрегі,

тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 

Ø Қазақтың мәңгілік ғұмыры

ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. 

Ø Ендігі ұрпақ – мәңгілік

қазақтың перзенті. 

Ø Ендеше, қазақ елінің

ұлттық идеясы – мәңгілік ел! 

Ø Мәңгілік ел ұғымын

ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

Ø «Қазақстан 2050» –

мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 

Ø Мәңгілік Ел болу біздің

өз қолымызда. 


Ой қозғау пікірталас

- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер? 

-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?

-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

Қорытынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен

келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді

бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем

кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара

алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға

жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып

кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала

білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз

қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің

қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз

берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі

әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!

-Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен

жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар?

- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің

кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ

мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз

айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы

белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел

біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.

Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек

білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере

отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру

жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп

отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:

Сен жанбасаң лапылдап, 

Мен жанбасам лапылдап, 

Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай,

ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ

білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел"

боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік елдің-мәңгілік білімі»

Тәрбие сағатының

мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын

айта келіп, отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге

білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Мұғалімнің сөзі:

Қазақстан-Еуразияның көне

өркениетті жері,оның таңқаларлық және қайталанбас тарихы бар.Қазақстан жаңа

мыңжылдыққа тек дербес қана емес,сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ

басты.Мемлекеттік тәуелсіздік-ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың

рухани әл-ауқатының,өз күшіне,еркіне,қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге

асыруының,Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Елбасымыз

Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының

айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2Кіріспе сөз

а) 1 - айналым «Топжарған»

ә) 2 - айналым «Ойлан,тап!»

3. Қорытынды.

Герадот « Азиялық скифтер» деп

атаған тайпа? (Сақтар)

Қазақ елінің территориясында

мекендеген тайпалар? (сақ,үйсін,каңлы,қимақ,сармат)

Қазақ хандығын құрғандар

(Керей,Жәнібек)

4. Абылайханның шын аты

(Әбілмансұр)

5.Орта жүздің биі? (Қазыбек би)

6. «Жеті Жарғының» авторы (Тәуке

хан)

7. Күй атасы кім?

(Құрманғазы). 

8.Ол түрік отбасында дүниеге

келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар

қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)

9.. Абайдың туған жылы? (1845).

10. Қазақ алфавитін жасаған

ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 

11.Қазақ халқының

салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін

түсіру, қыз ұзату т.б.).

12. Қай қызға Совет Одағының

батыр атағы берілді? (М. Мәметова)

13. Еліміз Тәуелсіздік алған

куні? (1991ж. 16 желтоқсан)

14. Қазақтың тұңғыш

ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 

15.1993 жылы 15-қараша қандай

күн? (Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы «теңге»айналымға

енгізілді)   

16.  Ядролық қаруды

тоқтату туралы келісім шартқа қай жылы қол

қойылды?(1994жылы )      

 17. Еліміздің Ата Заңы- Конституция

қашан қабылданды? (1995 жылы 30- тамызда )   

 18.1996 жылы 9-желтоқсанда Желтоқсан құрбаны

«Халық қаһарманы» атағы кімге берілді? ( Қайрат

Рысқұлбековқа )       

                                 

19.1994 жылы 30- маусым тарихта қандай оқиғамен

белгіленді?(Тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан әлеміне айлық

сапарына аттанды)

20.Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп

атайды. (Бурабай курорты)

21.Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және

тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)

22.Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

23.Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы

қалай  аталады?(наурыз)

24.Рио-де Жанейро жаз олимпиадасының жүзуден алтын

алқа жеңімпазы (Д.Баландин)

25.Қазақстанның солтүстіктегі көрші мемлекеті? (Ресей)

 

II. «Ойлан,тап!»

Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З

Д

І

К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада тұрғызылған?

2.Кіші Жүздің биі?

3.Мемлекеттік рәміздердің бірі?

4.Рейхстагка ту тіккен қазақ?

5.Есік қалашығынан табылған тарихи жәдігер?..... адам

6.Скифтерге ұқсас тайпа?

7.Қазақстандық тұңғыш ғарышкер?

8.Ортағасырлық қалалардың бірі?

9.Сақтарға жорық жасаған парсы патшасы?

10.Қытай елінен әкелінген өте қымбат тауар?

11.Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші мойындаған

мемлекет?

3.Қорытынды:Жеңімпаз оқушы: «Елбасымыз Н.Ә.

Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі менің

болашағыма себебі тиер деп ойлаймын.»

Мұғалім сөзі: «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан

мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең

абыройлы, ең мәртебелі жол», - деп айтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  Біз

осыған кәміл сенеміз және де еліміздің  өсіп-өркендеуіне бар күш

жігерімізді саламыз.

 

 «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

1 жүргізуші:

Ассалаумағалейкум халқым менің

Ардақта дәстүрінді салтынды елім

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрін жегің

  2 жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі « Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты 

Халықтар достығының Фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер!

  1- "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді

біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік

пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі

істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы

мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып

келеді.

  2-   Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой.

Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін

бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім

нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет

болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың

астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде,

құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

 1-Ақ сүтімен ананың

Дарыған маған ана тіл.

Әлем тілін ұқтырған

Данышпан тіл, дана тіл.

Бүл тіліммен тербеліп,

Өсті бөбек күндерім.

Өлең жаттап бұл тілде

Өтті талай күндерім

Ана тілім болмаса

Кім болар ем білмедім?!

  2-Ел тарихы, жер тарихы өзіміз

Болашақтың қасиетті көзіміз

Барлық ұлтпен баурласып жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз

  1-Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

  1-Қазақ осы дала дейтін күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін

Қазақ осы қарасын ба ақсын  ба

Қоңырсын ба жатырқауды білмейтін

  2-Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген Орыс халқы  жүгімді.

  1-Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Өзбекпенен мәңгі дос боп қалуда.

 

 

2-Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Украин халқын шақырамыз ортаға.

  1-Дос емес, достың сөзін көтермесе

Саған жердің түбінен жетем десе.

Қазақ пенен немістің достығына

Түспейді ешкімде арасына

  2-Нағыз дос бірін-бірі жамандамас

Араға көп өкпе сап табандамас

Көңілі татулықтың күйін шертер

Нәр татайық шешен-ингуш өнерінен.

  1-Жақсының әрбір сөзің қайырмаңыз

Грузин-армян жақсылығын ұмытпаңыз

Сыр алмаған біреумен дос болам деп

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

  2-Отаным-ордасы гой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Жолдас болсаң молдаванмен адаспассың

Баянды бағы өрлеген осы ұлттың.

  1-Шыр көбелек билейтін

Мақтануды сүймейтін

Биші десең кәрісті айт

Мың бұралып түрленген

 

2-Не жетсін ұлан-асыр баршылыққа

Береді кең жер шипа-нәр шыбыққа.

Тек қана қазақ жерін паналаған

Қытай елі аман қалған таршылықтан.

 

1-Ғажап елім-ғарышқа жол тастаған

Қаһарман елім ержүрек қол бастаған

Данышпан елім-түрікке де орын тапқан

Рухы биік ашық аспан астынан

 

2-Армысың қадірменді ұйғыр халқы

Арта берсін абыройың, атақ-даңқын.

Қыздарының сұлуы бар, тәуірі бар

Ұстанған қазақтың ата салтын.

 

1-Белорус қандай ғажап халықсыздар

Қазақтың шыңынан орын алыпсыздар

Жан біткен жанарынан нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

 

2-Шырқа әнге шалықта,

Бидеген де жалықпа.

Татар-ау өнеріңді аямай

Мың бұралып қалықта!

 

1-Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, тәжік халқын,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

 

2-Жаны сырлы, жанары таң қыздары

Сәуле шашқан өмірге, нұр қыздары

Көрік болған көгімде жұлдыздары

Құрметпен қарсы алайық қырғыздарды.

 

 

1-Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

 

2- Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек барма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын мерекелік ақ тілекпен.

 

1 - Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін

бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында

бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын

барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мәңгілік елдің –

мәңгілік тілі»

Мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін

сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

 Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті

сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін

көтеруге ат салысуға шақыру.

 Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға

деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты

нығайту.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар,

қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Қазақстан

халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай

болса, «Мәңгілік елдің – Мәңгілік тілі» атты мерекелік кешімізді бастайық!

2- жүрізуші: Әнұраным көкейде

жатталады, 

Сонымен бейбіт күнім басталады. 

Шәмші атамның шығарған асқақ әні, 

Әркімнің жүрегінде сақталады 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Гимні  орындалады.

 Туған тілім

Туған тілім

жүрегімнің айнасы,

Туған тілім ата-баба мұрасы.

Туған тілім халқымыздың мақтаны,

Мәңгі бақи жадымда ол қалады.

 

Туған тілім деп жазды өлең дана Абай,

Туған тілге жазды әліппе Ыбырай

Туған тіл деп ел қорғанды Қабанбай,

Туған тіл деп көтерген халқым-ай!

 

Туған тілім құрметпен ар, намыс,

Туған тілді сүйгендерге мың алғыс.

Туған тілім шарықтасын әрқашан,

Мақтанышым жұбанышым ол маған!

1-жүргізуші:  Тіл – әрбір ұлттың жаны, сезімнің, ойдың жанды

бейнесі. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі де болу керек. Қазақстан

Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарау –

ынтымақтастықтың белгісі. Сондықтан, бүгінгі мейрам - тілдер күні! Баршамызға

Тіл мерекесі құтты болсын!

2- жүрізуші: Осыдан тура 26 жыл бұрын – 1989 жылы 22

қыркүйек күні "Тіл туралы" Заң қабылданған болатын.

Бұл заңда Қазақ ССР-нің  мемлекеттік  тілі

  -қазақтілі,

ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Тілді қадірлеп, қастерлеу әрбір адамның

міндеті екенін түсіне білгеніміз жөн.

2-оқушы:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін!

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін!

Қазақ тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған!

Қазақ тілі қасиеті бабамның,

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның.

Тіл-мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз,

Мәңгі –бақи шырқалатын әніміз!

Олай болса колледжіміздің оқушыларының

орындауында «Қара жорға»

2- жүрізуші: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі

қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму

үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын

мүдделі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін, болашағын

тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан

кешіріп отырмыз.

Фильм №2

1-жүргізуші: Тіл мәселесі қазір бәрімізді толғандырады. Елбасымыз

айтқандай тілдің

қадір- қасиетін сақтап, оны дамыту, сіздер

мен біздердің қолымызда екенін ұмытпайық. Қазір тіл мәселесі тек бізді ғана

толғандырмайды екен, айтайын дегенім қазіргі заманның қазақ жастары да тіл

мәселесіне қатты алаңдаулы екеніне келесі оқылатын өлең жолдары арқылы

сезінесіздер.

3-оқушы: Тіліңді біл.

Мен қазақпын, өлген жоқпын тірімін,

Ахмет, Сәкен ұрпағының бірімін.

Орысшалап жеткізесің ойыңды,

Ана тілге жетпеді ме білімің?

 

Үш тіл емес үш жүзді біл қаласаң,

Шетелге шық, шетке шықпа жарсаң.

Ең тәуірі ана тілің емес пе...

Бояу-бояу көзіңді ашып қарасаң.

4-оқушы:

Кейбіреулер туған тілін білмейді.

Білмесе де білгісі олар келмейді,

Туған тілін түсінбеген азамат

Өз ұлтының қасиетін сезбейді.


Қате болар туған тілін білмесе.

Тілін сатып өзге тілге бой берсе,

Тілін сатып деп айтпасам не дейін?

Туған тілін білгісі де келмесе!


Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.

Отан тілі әркімге ыстық бір арман,

Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу

Бізге аманат қалған мирас бабадан.


Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі

Өзге тілмен араласып жүрмеуі.

Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.

Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!

5-оқушы:

Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

1-жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де

бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай

атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің

мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса,

достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

2-жүргізуші: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына,

тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.

6-оқушы:

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

 

7-оқушы:

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Дүйсенбеков Қайраттың орындауында  «Қазақ

тілі»  әнін  қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:  Филлипова деген ханым қазақ тілі туралы былай

деген екен: "Қазақ тілі жақұт моншақ тәрізді жіпке тізіп жарқырата

таққандай."

Өзге ұлттың өкілі менің тілімді жақұтқа балап

тұр ғой. Бұл деген тамаша теңеу емес пе?

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп ана

тілін жүрегімен сүйген Абай да тіл сұлулығын сақтаған.

 

 

 

 

8-оқушы:

Қуатым – ана

тілім

Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,

Айтады ана тілсіз кім түбіңді?

Қайсы бір қандастарым шүлдірлесе,

Жүрегім біз сұққандай мың тіліңді.

Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,

Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.

Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,

Әперген маған орын ашып төрден.


9-оқушы

Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,

Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.

Сен барда терезем тең, еңсем биік,

Қасыңда тұрсам-дағы қай мықтының!

Ардағым, ана тілім - жан мерейім,

Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін.

Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,

Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.

Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,

Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!

Түсінгің ардақ тұтқан ана тілім,

Екенің жан сырымның анық мұның!

 

10-оқушы:

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім, бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтынымсың!.


«Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі

тіл қолданылады. Қолданатын  жан саны 50 миллионнан 

асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын

 жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады:

қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі,

итальян тілі. Бұл  тілдер 65 мемлекетте  мемлекеттік тіл

ретінде  қолданылады. Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау:

қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі,

араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық

тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы»

Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына

кіргеніне қуаныштымыз. Сол қуанышымызды жақсы бір өлең шумақтарымен жалғауға

рұқсат етіңіздер.

 

11-оқушы:

Ең бірінші

бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың

ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

 

12-оқушы:

Сол тілменен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

 

Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

 

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.

 

13-оқушы: Мадина С-5

 

Ана тілім-бабам тілі-өз тілім,

Ана тілім-анам тілі-өз тілім.

Ана тілім-далам тілі-өз тілім,

Ана тілім-адам тілі-өз тілім.


Ана тілде сыры терең жаным бар,

Ана тілде әнімменен сәнім бар.

Ана тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

Ана тілім,

жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.


 

 

 

 

 

Сен арқылы қанып

ішсем тұнықтан,

Сен арқылы дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім егер сені ұмытсам.


Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.

 

 

14-оқушы: Венера С-5

Тілім менің мен өзің деп мақтанам

Басқа тілдің тарих сыры жат маған.

Туғаныма мендағы қазақ болып

Ана тілім арың менде барың менде мақтанамын!.

Тілім мені бұлбұлдайғып сайратқан

Талай жауды өткірлікпен қайратқан.

Сен арқылы келгендеимін дүниеге

Шырылдап сәби болып мен қайтадан.

1-жүргізуші: Тілі, ділі, халқы толассыз

дамыған халық, бақытты халық. Сол халықтың ажырамас бір бөлшегі ретінде біз өз

тілімізді, елімізді үздіксіз қастерлеуіміз қажет.

Көрермендермен жұмыс кезеңі

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің,

қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1.      Тіл - адам

ойының ... (айнасы)

2.      Аңдамай

сөйлеген ... (ауырмай өледі)

3.      Ойнап

сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4.      Айтылған

сөз, ... оқпен тең (атылған)

5.      Бал тамған

тілден ... тамар (у)

6.      Көп сөз -

... (бос сөз)

7.      Көп сөз -

күміс, аз сөз - ... (алтын)

8.    Таза сөйлеу – биік ...

(мәдениеттілік)

 

1-жүргізуші: Ал, ендеше көрермен қауымға тіл туралы қызықты

деректерімізбен бөлісуді жалғастырғанымыз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот

ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала

жүріңіздер.

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді

меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы,

араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

2-жүргізуші: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян,

испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген

екен.

1-жүргізуші: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген

кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі

бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт

Винер 13 тілді зерттеген.

2-жүргізуші: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде

еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке

дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз

тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

1-жүргізуші: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%

ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен

аударылады.

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену

ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

Фильм

№3

 

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың

мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші:  Осымен тілдер мерекесіне арналған салтанатты

кешіміз аяқталды.Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Қош,

сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст