Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

06.02.2018

16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік

күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарламаның сценарийі                           

«Елімнің

бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

                                                    Фанфар ойналады.

1-жүргізуші:  - Армысыздар Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен

шәкірттер!  Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз,

сондықтан бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік

кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Ассалаумағалейкүм,

халқым менің

                         Ардақта

дәстүріңді, салтыңды елім.

                        

Мереке басы болсын берекенің,

                        

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

 - Егемен еліміздің ең ұлық, ең

қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген

ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!         

    

                                                   

1-жүргізуші: 

-        

Қазақстан  Республикасының  Туы 

енгізілсін!

-        

Қазақстан  Республикасының  Гимні орындалсын!

2-жүргізуші:

-        

Ендеше, Тәуелсіздіктің ақ

бесігінде тербелген ағайын! Біз мерекелік бағдарламамызды ашық деп

жариялаймыз! 

1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Гүлбаршын

Бексұлтанқызына береміз.

Көрініс: Қайсар рухты

Қайрат!

Пролог: 7-сынып ұлдары

1-оқушы: Тас еденде жатты қазақ баласы,

                   Ауырса

да, қыңқ етпеді жарасы,

                   Жараланған

жолбарыстай, ышқынып,

                   Айтып

жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!

 

2-оқушы: Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

                   Барлық

жендет қорықты одан тіксінді,

                   Тас

қорғанда жалғыз өзі жатса да,

                   Қанышерлер

айналада көптін-ді... .

 

3-оқушы: Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

                   Мойындатпақ,

бір өлікті тергеулік,

                   Сенің

ісің, сен өлтірдің дегенді,

                  Артпақты

олар, өрен жасқа көлдей ғып....

 

4-оқушы:  Қуан

халқым! Қуанатын күн бүгін,

                   

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                   

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,

                   

Тәуелсіздік күнін бүгін,

                   

Халқым, бірге тойлайық!

1-жүргізуші:  - 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан

оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Көтеріліске жастар ешбір

жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін

қатысқан еді. Бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн.

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан

ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған

тәуелсіздікке қол жеткізді.

«Қазағым» әні, орындайтын – Хабидан Берікбол

2-жүргізуші:Алаңға шығып

өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен

милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты,

түрмеге қамады. Ербол, Ләззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан

тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Поэзия (баяу музыка): Мұқан Нұрәділ

Ән: «Алтын бесік» – Румина, Алина

1-жүргізуші: Тәуелсіздік

- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол

жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына

қоса алдық. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер

танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай

көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшан да айтып өтеміз.

Ән: «Ағатайым-ай» - Берікбол Айдана

Күй: «Арман» (сыбызғымен)

1-жүргізуші: Тәтті суың

дәмі аузымнан еш кетпес,             

                        Астанамен

айшықталған ортасы.

                        Бүгін бізге

таңдай қағар күллі әлем,

                        Бұның бәрі

Елбасының арқасы.

Ән: «Туған жер» - Амина 8-сынып би

1-жүргізуші: Астана -

үміт қаласы,

                        Бас болған елдің данасы.

                        Мақтана

оған қарайды,

                        Қазақтың барлық баласы.

Ән: «Астана» - Ализа

1-жүргізуші: Күй, сені

тәтті көрем, жаным сүйіп,

                        Тыңдаймын

тыным алмай, жанып-күйіп.

                         Өмірдің

сырын ашып жүрегіме,                         

                         Музаның

әміріне басымды иіп.

                         Алайық ескі

күйдің бәрін жиып,

                         Жандырған ой

- қиялды қалың күйік.

                         Шерттіріп

құнарлырақ домбыраға,

                         Тербеліп

ырғағына тамылжиық.

Күй: «Көңіл толқыны». Орындайтын: Имамагзамов Талғат.

2-жүргізуші: Барлық

ұлттың басын қосты бұл достық,

                        Ұлы достық,

                        Нұрлы достық,

                        Күн достық!

                        Достық

деген қасиетті ұранға,

                        Кең

даланың жүрегі де үн қосты,

                        Биші қыздар биімен де үн қосты.

 

Би: 9 «А» сыныбы – «Ататолғау»

                                  

1-жүргізуші: Қазақпын, еңселі

елмін, егеменді,

                        Кеңейттім кең

әлемге керегемді.

                        Қазақпын, қойнауы -

құт, жері - дархан,

                        Әнімді бес құрлықтың

бәрінде айтам.

Ән: «Сәлем саған

туған ел!» - Румина

                                       

2-жүргізуші: Ту тігілді

халқымның бүгін бағына,

                        Жас өрендер желбіретіп

нық ұста!

                        Ғасырларға жалғастырып

елдікті,

                        Дақ түсірме ата баба

рухына!

«Елімнің бақытын тербеткен

Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз

мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын.

Егемендігіміз мәңгілік болып, көк туымыз әркез биікте желбірей берсін, ағайын!  

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

«Жаса Қазақстан» әні: Барлық қатыусшылар артында

шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайсар рухты Қайрат! (көрініс)

Анасы (баяу музыка): (шайнек екі-үш кесе орамал нан салынган

тарелка үстел істіндеЗуылдап бара жатқан өмір-ай 

Кешегі кішкентай ботақаным, бүгін ер жетіп,

жалын атқан жігітке айналып шыға келді. 

О, жаратқан балаларымды аман-есен

етіп, бәле-жаладан сақтай көр! (Аумин). 

Інісі: Бәрібір онікі дұрыс емес! 

Анасы: Балам-ау, не болды, бір жағдай болды ма? 

Інісі: Қайрат үнемі мені емес, қарсыластарымды жақтайды.

Жаңа мектепте бір баламен сөзге келіп қалып едім, Қайрат менің жаныма келіп,

мұның жарамас деп, ана баланы жөніне қоя берді. 

Апа, неткен сұмдық! – келіспеймін онымен. 

Айтыңызшы апа? 

Анасы: Қоя ғой, құлыным! (Қайрат келеді). 

Қайрат: Әділдікке көз жұмып қарауға болмайды. Әрине сен менің бауырымсың, бірақ жаңағы жерде сенікі дұрыс емс. Бәрін жұдырықпен шешуге болмайды. Ақылға салып ойлану

керек. 

Інісі: Қойшы, Қайрат. Сен өмірі сондайсың (кетіп

қалды). 

Інісі: Мені бір жақтауды білмейсің. 

Анасы: Балаларым қойыңдар енді. Қайраттың әділ айтып,

отырғанын сен мойындауға тиіссің ғой, құлыным (Әкесі келеді) 

Інісі: О, әкешім келді. 

Әкесі: Ух шірікн-ай! Шаршадым. 

Анасы: (кетеді) Мен барып шай қояйын. 

Інісі: Отырыңыз әке, жайғасыңыз! 

Әкесі: Малшы боп өткен өмірім құрсын! Ұлдарымды жоғарғы оқу

орнына түсіріп, сендердің білім алғандарыңды көруге жазар ма екен,

жаратқан. 

Інісі: Әкетайым, неге сонша сары уайымға салындыңыз. 

Әкесі: Уайым емес, жай көңілім босап кеткені гой. 

Інісі: Қойыңыз енді әке. Бәрі жақсы болат  (әкесінің арқасынан

қағады). 

Есік тарсылдайды. (бір қыз келеді) 

Айгүл: Қайрат, Қайрат! 

Сәлем бердік, ата. 

Қайрат: Сәлем Айгүл.

Айгүл: Ертең, ұстаздар күніне кішкентай шағын концертіміз

бар ед. Қайрат екеуіміз бірігіп қабырға

газет шығаруымыз керек.Қайрат біздің мектебіміздің комсомол ұйымының хатшысы

емес пе? 

Соған Қайратты жіберсеңіздер екен?

Әкесі: Е, бара қойыңдар! 

Қайрат: Жарайды әке, мен барып келейін. Ұстаздардың да

еңбегін ақтау керек қой. Ал сен жаңағындай тентектікті жасама. – Түсіндің бе? 

Інісі: Түсіндім. 

Інісі: Әкешім, ал біз анамның ыстық бәлішінен дәм татайық,

жүріңіз. (Қайрат келеді). Қайрат: Кәне, апа, әке мында келіңіздерші? 

Анасы: Не болып қалды? 

Қайрат: Мынаны

қараңыздар. 

Қайрат: Ұлдарыңызды құттықтап қойыңыздар. 

Бірлік ауылындағы Киров атындағы ортыа мектепті жақсы бітіргені және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін,

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы марапатталады. 

Әкесі: ой Құлыным, жарығым өрісің кеңейе берсін! Жаманнан бір жақсы туар, адам айтса нанғысыз деген осы. 

Анасы: Құлыным-ау, көксеген көгере берсін! Алтыным. 

Інісі: Қайрат, Қайрат! Мынаны қарашы?

Әскерден саған шақырту қағазы келген сияқты.

Есіктің алдындағы шарбаққа іліп кетіпті. Өзім жаңа көрдім. Оқышы тезірек.

Анасы: Әскер, әскер дей ме? 

Қайрат: Несі бар? Әскери борышымды өтеу, ол ер азаматтың борышы емес пе? 

Інісі: Дұрыс айтасың – аға! 

Әкесі: Бұл хаттың да дер кезінде келуін қарашы. Он жылдық

мектепті бітіргені сол еді. Енді міне әскерге де шақыру  қагазы келіпті. Не дейін, саған ұлым! Ешқашан

ез болма, ер азаматық жүгіңді көтере біл! 

Анасы: (жылап)Құлыным-ау, көзімнің қарашығы сен едің, Сенсіз

қалай болады екенмін? 

Қайрат: Анашым, менің анашым 

Сен ғана маған данасың. 

Өзіме мәңгі панасың, 

Жылама менің – анашым. 

Інісі: Аға өзіңнен үлгі алып жүруші едім. 

Отан алдындағы борышыңды абыроймен орындап

келетіндігіңе шүбәм жоқ-аға. 

Қайрат: Жарайды, анашым көп уайымдай берме, денсаулығыңа да

қарай біл, сау болыңыз! 

Анасы: Құлыным-ау көсегең көгере берсін! 

Қайрат: Сау болыңыз – әке! 

Әкесі: Менің айтқандарымды ұмытпа. 

Інісі: Жүріңіз аға деп. (екеуі шығып кетеді) 

Әкесі: Болды енді, әлі-ақ оралады. 

              

Арада біраз жылдар өтті.

(Есік тарсылдады) 

Әкесі: Бұл кім екен? 

Айгүл: Сәлем бердік ата. Мен бір қуанышты жағдаймен келіп

тұрмын. 

Анасы: Ол қандай қуанышты хабар? 

Айгүл: Ұлдарыңыз Қайраттан хат келіпті. 

Анасы: Қайрат, Қайрат, біздің көз көрмейді гой, ойбай-ау

мынаны сен оқып берсеңші тезірек. 

Айгүл: Сәлеметсіз бе, анашым!  Сәлеметсіз бе, әкешім! Өздеріңді қатты сағындым.

Әскерді бітіріп, ізінен оқуға түстім. Расымен арада көп уақыт өтіп кетті.

Білемін, Алла жазса өздеріңе келемін. Ұлдарыңыз Қайраттан жалынды сәлем! 

Солай деп жазыпты-апа. Жақсы жаңалықтың жаршысы

деп, Қайраттың хатын айтпайсыздар ма? Мінекей, мынаны сақтап

қойыңыздар. 

Анасы: Аман бол, қызым! 

Әкесі: Рахмет, қызым! 

Айгүл: Жарайды, сау болыңыздар! 

Анасы: Әй, шал Қайратымыздың хатын жүрші анда барып қайтадан

оқиық. 

Әкесі: Жүр. 

Есік

тарсылдайды, Секретарьша келді) 

Секретарша: Кіруге бола ма? 

Бауыржан Рәшитұлы (үстелде отырады): Мына Рысқұлбековтың жағдайын бір жақты ету керек. 

Шақырту керек оны. 

Б.Р.: Шақыртыңыздар. 

Секр.: Кіріңдер. Әне өздері де келді. Қараңызшы?. 

БР: Сонымен алаңға ескертусіз шығып, оның үстіне

студенттерді азғырып, патриот атанбақшысың ба? 

Секр.: Неткен, арсыздық. Саған кім басшы болса да бәрібір

емес пе? 

Қайрат: Сізге бәрібір шығар, маған бәрібір емес. Кеудемізде

ұлттық намысымыз жоқ болса, онда хайуанның теңі болғанымыз ғой. 

Жайылған малды кім жайса да бәрі бір, ал біз қазақпыз, ұлтпыз, соны сізден түсінуіңізді сұраймын. 

Б.Р.: Сен мына жалған намысыңмен қайда барып оңасың? Сендей

бүлікшілерді соттау керек. 

1-ші қыз: Сіздер не деп тұрсыздар, Қайраттың қандай студент

екенін көріп жүрсіздер ғой. Адамды қаралау, арымызға сын емес пе? 

Секр: Кім біледі? Мүмкін сен Қайратқа бізден гөрі жақын

шығарсың? 

1-ші қыз: Сіз, Сіз...

Секр: Қарашы өздерін. 

Б.Р: Сені Савицкийдің өліміне қатысы бар деп, іздестіріп

жатыр. 

Секр: О, алаңға шыққаның аздай, енді кісі өлтіріпсің

ғой. 

Қайрат: Адам өлтіргенім жоқ. Қазақтың қайсар қыздарын,

шашатарынан жұлмалап, мұзға отырғызып, сабап жатқанына қарап төзе алмадым.

Сізде қазақсыз, менің орнымда болсаңыз, қазақтың қыздарын азаптап жатқанда

төзіп тұрар ма едіңіз? 

Б.Р: Қалай сайрайтыныңды сот шешеді.Ал қазір боссың. 

Секр: Оны хаттамаға жазып қою керек. Жүріңіз, өзінің

ұлтшылын қарашы. 

Мойынқұм. 1986 жылдың желтоқсаны. 

Радиодан:

Алматы алаңындағы дүрбелең басылар емес. Колбинді тақтан тайдырмақшы болған,

қазақ жастарының екпіні басылмады. 

Савицкийдің өліміне тікелей қатысы бар деген

айыппен Сәулет құрылыс академиясының І курс студенті Рысқұлбеков Қайрат

Ноғайбайұлы іздестірілуде. 

Анасы (қолында орамалмен кесе сүртіп отырады): Мына радио не деп

тұр. 

Ноғайбай, не дейді мына – Радио. Біздің ұлымыз не? Бұл не деп тұр? Біздің

құлынымыз қалайша...?

Әкесі: Жоқ. Жооқ. Өлтірген жоқ шығар. 

(Есік тарсылдайды) 

Анасы: Құлыным-ау, Талғат балам-ау. 

Інісі: Анашым сағындық қой сіздерді. 

Анасы: Аман екенсің ғой, Қайрат! 

Қайрат: Неге сонша мұңайып отырсыңдар? 

Бір кісі өлтірді деп айыптап жатыр ғой. 

Әкесі: Тәйт әрі! Кісі өлтіргені несі? 

Оған жала жабылған. 

Анасы: Бұл не сұмдық? 

(Есік тарсылдайды) 

1-шісі: Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы осы үйде тұра

ма? 

2-шісі: Шық бері, сені Савицкийдің өліміне қатысты. 

Анасы: Қайрат, Қайрат! 

Інісі: Апа, апа. 

Анасы: Қайрат, Қайрат жылайды. 

Інісі: Апа Алматыда дүрбелең болып жатыр. Ол-рас. Әке. Ол

жала, кісі өлтіруі мүмкін емес. 

Біздің Қайраттан ондай шықпайды ғой. 

1.мил: Савицкийді сен өлтірдің бе? Мойында . 

2.мил: Жастарды алаңға шақырған сен бе? 

1.мин: Мойында деймін саған, сүмелек. 

2.мил: Әй, саған екі сағат береміз, мойында. 

Қайрат: Ағатай, ағатай мында келіңізші. 

Сыпырушы:

Жоқ, жоқ болмайды. 

Қайрат: Ағатай өтінемін сізден жазылған жазылған мекен-жайға

жеткізсеңіз болды. Ағатай өтінемін алыңызшы. 

Сыпырушы: Жоқ, болмайды, біліп қойса, басым кетеді. 

Қайрат: Ағатай өтінемін сізден алыңызшы. Соңгы үмітім

сізсіз агатай.

Сыпырушы: Жарайды. 

Қайрат:Рахмет, сізге. 

Сыпырушы: Сен мені, мен сені көрген жоқпын. 

1.мил: Мына иттің баласының жатысын қарашы. 

2.мил: Тұр, тұр. 

(Музыка) 

Қайрат:

Құрметті қара көз қарындастарым менің. 

Жылы жүзді жеңгелерім, Анашым менің! 

Шын жүрек, ақ көңілмен алғашқы көктемнің

күлімдеген мерекесі 8-март халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 

Қамқоршы және ағаларым

Жәрдем берер жағаларым. 

Қыздар үшін тар қапасқа,

Келіп түсті тұлпарларың. 

Асыл анашым, мына хат сендердің қолдарыңа жетер,

жетпесін кім біледі? 

Егерде жетсе, сендерді жақсы көретінімді айтқым

келеді. Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін. Әттең, сенші маған,

анашым, жаман еш нәрсе жасағаным жоқ. Кісі өлтірді деп жатқандары

жала. Менің айыбым, ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. 

Алаңға шыққан әрбір қызды өзімнің қарындасымдай көрдім. 

Оларды мұзға отырғызып, шаштарынан жұлып,

үстеріне су шашқанда, 

«Ағатайлар, көмектесіңдер»,-деп, құлын дауыстары

шыққанда, Ет жүрегім езілді. 

Уақыт өтер, бәрі өзгерер әлі. 

Еліміз егемендікке қол жеткізсе, 

Бейбіт заман орнайтынына сенемін. 

Қош бол, анашым! 

Қош бол, қарындастарым! 

Қош бол, халқым менің!


Анасы: Ботам, құлыным! Кішкентай гана құлыным. Сен мені

тастап кеттің бе құлыным! Ботам-ау балапаным менің! (зар жылайды).

 

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст