«Ана жүрегі»
1- жүргізуші: Құрметті аналар ұстаздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Бұл аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі. Дендеріңіз сау болсын! Отбасыларыңызға береке бірлік тілейміз.
2- жүргізуші: Адам үшін ең аяулы ең қастерлі жан «ана» ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағымен мейірімен махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады. Бұл күн аналарымыздың мереке күні. Біздің асыл аналарымыз да қанша нәзік болса да барлық қиындық атаулыға төзімді. Әжелер, аналар қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана -жүрегі»атты сайысымыз ашық деп жариялаймыз.
Ортада 8а сынып оқушысы Атласқызы Румина " Аяулы ана"атты әнімен
1-Жүргізуші: Кім жеңеді сайыста үміт алда
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ – қазы алқасы атынды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда – деп әділ – қазы алқасымен таныстырамын.
1.Төкенов Жұмаш ата
2. Мектеп директоры:Бектурганова Гульбаршын Бексултановна
3.Мектебіміздің медбикесі : Касымбаева Марал
Енді сайысымыздың шартымен танысайық.
1."Таныстыру"
2. "Әжесінің қол өнері "ою ойып көрсету
3. "Анасының қол өнері"жайма жайып көрсету
4." Қызының қол өнері"қағаздан жасау
5. "Үй тапсырмасы"Әр отбасының өз қалауынша
1- жүргізуші:
Ал енді сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық.Сайысқа қатысушылар казір жереби тартады алған сандары бойынша сайысқа қатысады.
1 номерлері________________________
________________________
________________________
______________________
__________________________
________________________
2- жүргізуші: Әрдайымда ана сөзін тыңдайық,
Аялайық қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі етпей ешқашан
Аналарды құрметтейік, сыйлайық! Дей келе 9сынып қыздары "Қамажай"биімен
1-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Аналарға арналсын тілегіңіз - келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бектурганова Гульбаршын Бексултановнаға береміз.
2-жүргізуші
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дей - келе «Ана-жүрегі» сайысының «Таныстыру»кезеңіне берейік.
Әділ қазы алқалары ұпай санынын санағанша алдарыңызда 10сынып оқушысы Шугайыа Еламан өлең «Ана
Әділ қазы алқалары Таныстыру кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2-жүргізуші
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгігі күн сайыста бәйге алуға,
Әжелер аянбай-ақ жан салыпты – дей келе сайысымыздың екінші кезеңі «Әжесінің қол өнері»
Әділ қазы алқалары ұпай санынын санағанша алдарыңызда 7сынып көрініс «Q-елі»
Әділ қазы алқалары Әжесінің қол өнері кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
1-жүргізуші
1-жүргізуші: Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың,ардақтысың, данасың
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым!дей келе сайысымыздың 3кезеңі анасының қол өнері
Әділ қазы алқалары ұпай санынын санағанша алдарыңызда 5сынып флешмоб
Әділ қазы алқалары «анасының қол өнері» кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2-жүргізуші
Әке көрген - оқ жонар ,
Шеше көрген - тон пішер
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір –бірінен кем түсер – дей келе сайысымыздың төртінші кезеңі «Қызының қолөнері»
Әділ қазы алқалары ұпай санынын санағанша алдарыңызда 6сынып ән «Аяулы анашым»
Әділ қазы алқалары Қолөнер кезеңінің ұпай сандарын көрсетсеніздер.
2- жүргізуші:Ана тіршіліктің гүлі отбасының берекесі бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә.Күннің шуақты сәулесіндей, ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтан, баршамыз ана атына кір келтірмей,оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз қажет.
Дей келе сайысымыздың соңғы кезеңі «Үй тапсырмасы»
Осымен шағын концертіміз де тәмамдап қалды. Әділ Қазылар алқасы қыздарымыздың 5 тапсырмасы бойынша алған ұпай сандар шешімін шығарсаңыздар.
Қазір әділ қаза алқасы ұпай санын есептегенше ойын көрермендермен
1-жүргізуші
Жарық өмір бір өзіңсің сыйлаған ,
Баласына бар ғұмырын арнаған.
Сенсің, ана, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тыным таппай бізді өсіріп баптаған.Аналарымызға арналады Би 8сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Топтарды марапаттау үшін Әділқазы алқаларын ортаға шақырамыз
Мерекелеріңіз құтты, берекелі, еңбектеріңіз жемісті болсын!