Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға анықтама
2021-2022 оқу жылы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай мектеп бойынша жеке жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
Мектеп ішіндегі фойеге «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты көрме ұйымдастырылып, кітапханада «Тәуелсіз тұғыры биік болсын» атты көрме жасалынды. «Мен Тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін» атты сурет сайысы өткізіліп, 8 сынып оқушысы Орынбай Асыл өз суретін аудандық сайысқа жіберіп, Гран-при жеңісіне жетті.
Тәуелсіздік күніне арналған аудандық, облыстық волейбол сайысынан оқушыларымыз биіктен көрініп, үлкен жеңістерге жетті. Мектепшілік сыныптар арасында волейбол жарысы өткізіліп, оқушылар қызығушылықтарын танытып, өте белсенді ойнады.
«Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына 5 сынып оқушылары 8 оқушы қабылданды, оқушылар ұйымның ұранымен танысып, гимн орындап, анттарын қабылдады.
Әр сыныпта жеке сынып сағаты өткізіліп, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Санитарлық норманы сақтай отырып, мектепшілік салтанатты линейка өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдер мадақтама қағазымен марапатталды.