«Өзен жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі
6-сынып
Өткізген: Жагслаг Гүлмайра
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
2021 оқу жылы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым. 4-бөлім |
Мектебі: «Өзен жалпы орта білім беретін мектеп» КММ |
|||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жагслаг Гүлмайра
|
|||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
|||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 2-сағат |
|||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
А/И.6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
|
|||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби көркемдегіш құралдарды анықтау Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттау |
|||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер: Пафос Тірек сөздер: адам, түс, қабір, әңгіме, ана тілі, авар тілі, Диалог құруға және шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қара жерге табына, көз жұмып, қабір ішінде, асау өзен арқырайды, балгерде емес, дәрігерде емес емдейтін, туған жер, ана тілі Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Ана тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік кұрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу. |
|||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, музыка |
|||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Әлем әдебиеті туралы ұғым бар, ана тілі туралы түсінік қалыптасқан.
|
|||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурс тар |
||||||||||||||
Сабақтың басы
5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу, оқу құралдарын қадағалау. Психологиялық ахуал. «Ізгі тілек» әдісі арқылы әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын сөз бен жылы лебіздерін білдіреді.
Үй тапсырмасын сұрау. «Галереяны шарлау» әдісі. Шарты: 1-топ: Р.Ғамзатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы галерея құрастырады. 2-топ. «Ана тілі» өлеңінің мазмұнын галереяда көрсетеді. Екі жақ дайын жұмыстарын тақтаға іледі де, бір-бірінің жұмыстарын талдап, саралап, артық кемін тексеріп, стикерге өз ойларын жазып, балл қойып кетеді. Содан кейін орындарына оралып, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
ҚБ: Мұғалім мадақтауы: Топтардың галереяға қойған бағасы арқылы бағаланады. |
«Ізгі тілек» әдісі
«Галереяны шарлау» әдісі. |
||||||||||||||
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Балалар, біз сабағымызды еске түсіріп, ақын мен оның өлеңі туралы түсінігімізбен бөлістік. Ендеше сабағымызды жалғастыру үшін әдеби көркемдегіш құралдардың түрлерін еске түсіріп алайық. Ол үшін мынадай тапсырма орындайық. Сабақты бастамас бұрын әдеби көркемдегіш құралдардың түрлерін есімізге түсіріп алайық. Метафора (ауыстыру) - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды.. Мысалы: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, “Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан) Эпитет (қосымша) Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал, қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол көзге елестерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бетАлтын адам, алтын сандық, алтын жаға, алтын сандық, алтын бесік, т.б. Теңеу Теңеу,эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай. Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді. Көптер көзін тіккендей, Көп соңына түскендей, Көптің несін алыппын?! Көп кісіден анықпын! Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық). Махамбет өлеңіндегі Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Ерлердің ісі бітер ме?! Риторикалық сұрақ – (лепті сұрау)-шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Айналайын ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік ақ орда, Еміне кірер күн қайда? (Махамбет) Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу. Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап, Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда») 1-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды өз ережесіне сай сәйкестендір және түсіндіріңдер. Дескриптор:
ҚБ. «1-5 ұпай» арқылы бағалау
2-тапсырма. Өлеңнен табиғат көрінісін, оқиға орнын сипаттайтын жолдарын тауып оқып, сипаттап жазыңдар. 1-қатар: Өлеңдегі табиғат көрінісі 2-қатар: Өлеңдегі оқиға орны Дескриптор: - Өлеңдегі табиғат көрінісін сипаттайды - Өлеңдегі оқиға орнын анықтайды ҚБ. «Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы бағалап, қол шапалақтау.
3-тапсырма. Өлең жолдарынан әдеби көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңдар. …Дағыстанның кең аңғары, күн ыстық …Жарым қалай жатқанымды білмейді. …Екі кісі сөйлесті авар тілінде Жауабы:
Дескриптор: - Әдеби көркемдегіш құралдарды табады - Әдеби көркемдегіш құралдарға түсініктеме береді ҚБ. «Саусақпен бағалау» әдісі |
Интарбелсенді тақта
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: "Аяқталмаған сөйлемдер" әдісі арқылы өз ойларын тұжырымдап жазу. Мен бүгін ... білдім. Мен үшін ... қызықты болды. Маған ... қиын болды. Үй тапсырмасы: Өлеңнің соңғы 2 шумағын жаттап келу. Бағаалу. Оқушылардың өздерін өзеріне бағалату. |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі |
||||||||||||||