Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информация по штатному режиму

19.03.2021

                  Штаттық режимде  оқытуды  ұйымдастыру туралы

                       Өзен мектебі    бойынша   ақпарат

       Өзен мектебі шағын жинақталған мектеп болғандықтан биылғы оқу жылын штаттық режимде оқытуды ұйымдастырдық. Барлық оқушылар саны 96 , оның ішінде 6 оқушы мектепалды даярлық тобында. Шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бар. Мектеп екі аусымда оқиды, бірінші аусымда 47 білім алушы, яғни 1,7,8,9,10,11 сыныптар, ал екінші аусымда 43 білім алушы ,олар 2,3,4,5,6  «А», 6 «Б» сыныптар.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына 1- қосымша «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік  ұсынымдар» нұсқауды негізге ала отырып оқу үрдісі жоспарланды.

  1. Сабақтың басталу және аяқталу  уақытын көрсете отырып икемді сабақ кестесі мен қоңырау кестесі құрылды
  2. Кабинеттік жүйеден бас тарту негізінде әрбір сынып бекітілген кабинетте оқиды
  3. Білім алушылардың  сыныптан сыныпқа жүріп тұруына тиым салынады
  4. Мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын мектеп медбикесі өлшеп арнайы тіркеу журналы белгілеп отырады. Оқушыларға  және жұмысшыларға арналған журнал бар.
  5. Мектеп кіре берісінде санитайзер антисептик құйылған және дезинфекциаланған кілемше бар.
  6. Білім алушылар бір бағытпен кіруі, шығу  белгілері қабырғада көрсетілген. Бірінші және екінші қабаттарды арақашықтық белгілері де бар.
  7. Кабинеттерде оқушылардың оқу үстелдері бір бірінен 1 м қашықтықта орналасқан.
  8. Әр екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау, желдету, кварцтау жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстары орындау нәтижесі арнайы дәптерлерде жазылып көрсетіледі.
  9. Маска кию режимі үнемі қадағаланып , қолданылған маскалар салуға арнайы жәшіктер бар. Жұмыс соңында олар жойылады.
  10. Мектеп қабырғаларында «Маска кию», «Қашықтықты сақта», «Жақыныңа жанашыр бол» т. с. шартты белгілер ілінген.

       

Дайындаған мектеп директорыБектурганова Г. Б.

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст