Текст
2024 жылғы 29 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Экологиялық-туристік-өлкетану қызметі-балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу ресурстарының бірі ретінде» облыстық семинары өтті.
Облыстық семинарға Ақмола облысының педагогтері қатысты. Баяндамашылар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, сынып -шеберліктерін көрсетті.
Өлкетану бағыты:
Зеренді ауданы Өзен а. жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Оралов Шынболат Маратович «Археология арқылы өлкетануға қызығушылық арттыру» тақырыбы бойынша баяндама оқып, біліктілігімен бөлісті.