Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!

01.02.2021

 Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық! 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, 
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. 
2. Дамытушылық: оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту 
3. Тәрбиелік: Топтасып жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел 
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңыз «Ойнайық та, ойлайық!» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. 
Есептен сайысады төрт команда, 
Алға озар ең мықтысы осы жолда 
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ, 
Сұрайық шығуларын жұрт алдына. 
(топтар ортаға шығады) 
Математика сырлары 
Қызықтырды біздерді 
Ойынға бірге қатысуға 
Шақырамыз сіздерді. – деп 
Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасын 
таныстырып өтейік.(Әділ қазы алқасы таныстырылады.) 
Математика елінде 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып. 
Шабыт тасып, шалқысын, 
Көңілді кеш жасайық! 
Мұнда қызық табылар, 
Жұмбақ есеп бәрі бар. 
Ал, сайыскер балалар, 
Біліміңді саралар. 
Ойнайық та, ойлайық, 

Кеште қарап қалмайық! 
Ендеше өткізгелі отырған «Ойнайық та, ойлайық» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
- Бүгінгі жарысқа төрт топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып өтейік. 
1- топ–«Тапқырлар» .                          2- топ–«Білгірлер » 
Сайыстың барысы: 
1. Логикалық есептер 
2.Мақал- мәтел сайысы

3. Адасқан әріптер
4. Сөзді табу 
 

1 - Сайыс. Логикалық есептер шешу 
Мықты болсаң алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң арттағыға жеткізбе, 
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп сайысты бастаймыз 

1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100) 
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей ) 
3.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? (барлық)

4.. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5) 
6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт) 
7. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді) 
8.Үш пар ат 50км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады? (50)

9.66 санын ешбір амал қолданбай, оны жартысына арттыру керек.
10.1 кг-да неше грамм бар?
11.20-минут - 1 сағаттың қандай бөлігі.
12.1 миллионда неше 0 бар?
13.Жүздің жартысын екіге бөлгенде неше болады?
14. Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (Екеуі, сөндірілмеген біреуі жанып кетеді)
15. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар - бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (Біреуі, қалғандары ұшып кетеді)
2 - сайыс: Мақал - мәтелдер сайысы. 
Ал, балалар, балалар 
Мақал – мәтел айтайық. 
Қиындыққа қайыспай 
Асулардан аттайық 
1. Ер 1 рет өледі
Қорқақ 1000 рет өледі. 
2. 7 рет өлшеп, 
1 рет кес. 
3. 2 құзғын таласса, 
1 қарғаға жем болар. 
4. 1 кісі қазған құдықтан, 
1000 кісі су ішеді. 
5. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар, 
Жаманды 7 жыл жетелесең де надан болар. 
6. 30 тістен шыққан сөз, 
30 рулы елге тарайды. 
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99. 
8.Тоқсан ауыз сөздің

Тобықтай түйіні бар .

9. Бір тал кессең- он тал ек

10. Қына тасқа бітеді ,

Білім басқа бітеді .

 

3 – сайыс: «Адасқан әріптер» 
Адасып жүрген әріптердің орындарын ауыстырып, сөз құрау қажет. 

Детуңе - теңдеу 
Шұбршүы – үшбұрыш 
Трұбышрөт – төртбұрыш 
Рвадкат – квадрат 
айтуза- азайту

4-сайыс «Сөз ойла, тез ойла»

Әр топқа бір сөз беріледі.Бірнеше сөз жасайды.

 

Сайыс қорытындысын жариялау
 

 

 

Просмотров: 1517


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст